Елордада TWESCO-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан төртінші «Ұлы дала» гуманитарлық форумында Халықаралық түркі академиясы шығарған бірқатар кітаптың таныстырылымы өтті.
Атап айтқанда, Шараф ад-Дин Әли Йаздидің парсы тілінен қазақшаға аударылған «Зафарнама» кітабы, Жаваншир Фейзиевтің «Түркі әлемі» атты 5 томдық еңбегі, Омуркул Караевтің «Чагатайский улус. Государство Хайду. Могулистан» атты кітабы, «Ұлық ұлыс (Алтын Орда), Шағатай, Моғолстан мемлекеті» атты жинақ, «Золотая Орда» атты кітаптардың таныстырылымы өтті.
Бұл кітаптар TWESCO-ның 2019 жылы басып шығаруды жоспарлаған ғылыми еңбектерінің алғашқы легі. Өзге туындылар жыл бойы жарық көре бермек.