– Жазғы демалыс басталмай тұрып, біз балалардың жарақаттанып, қайғылы оқиғаларға ұрынып жатқанын естудеміз. Барлық аттракциондардың қауіпсіздігін мұқият тексеруді тапсырамын. Ашық тұрған құдықтарды тауып, оларды жабу керек. Сондай-ақ, құрылыс және басқа да алаңдардың барлық қоршауларын тексеру қажет, – деді облыс әкімі.
Облыс басшысы тексеру қорытындысын жақын арада өзіне жеке баяндауды тапсырды.
Еске салсақ, осы жылдың 25 мамырында Қарағандыдағы орталық саябақта қатты жел балалар ойнайтын батутты төңкеріп тастап, соның салдарынан 11 жасар бала сол жерде қайтыс болды.
Одан кейін, нақтырақ айтсақ, 11 маусым күні кеншілер астанасындағы сауда үйлерінің біріндегі ойын алаңқайында 7 жасар бала әткеншектен құлап, көз жұмған болатын.