• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2019

Арыстағы апат салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұр

606 рет
көрсетілді

Арыстағы апат салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлады.

«Жедел штаб құрылып, арнайы режимде жұмыс істеуде. 7 ірі стансада- Шымкент, Түркістан, Түлкібас, Тараз, Шу, Шиелі, Қызылодада 20 жолаушылар пойызы тоқтатылып, 8121 жолаушыға жағдай жасалды. Олар вокзал кешендеріне көшіріліп, ауыз су, тамақпен қамтамасыз етілді. Жолаушылардың талабы бойынша жол жүру ақысы қайтарылады. Аталған барша вокзалдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, керекті ақпарат таратылуда», - деп атап өтеді ұлттық тасымалдаушы. 

Компания мәліметінше, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыс әкімдіктерімен біріге отырып қала маңына автокөлікпен 1500 жолаушы тасымалданды. Сондай-ақ, Түркістан -Маңғыстау, Ақтөбе, Саратов және Шымкент-Тараз, Алматы бағыттарына жетіп алу үшін 2000 жолаушы автокөлікпен Түркістаннан Шымкентке жеткізілді.  Қызылорда-Сексеуіл арасында №42 Атырау-Алматы пойызының 430 жолаушысын жеткізу үшін 14 вагон қосымша тіркелді. 

«Жалпы Тараз, Шымкент, Түркістан арасында 8 мыңнан астам жолаушы автокөлікпен тасымалданды. Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына түсінушілікпен қарағанын жеткізеді. Барша керекті ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметінен ала аласыздар», - делінген таратылған ақпаратта.