• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2019

Көксерке ұстаймын деп бостандығынан айырылды

728 рет
көрсетілді

Кей адамдарда қанағат деген жоқ қой. Обал-сауапты да біле бермейді. Қарын тойдырғаннан басқа да ісі жоқ. Балық уылдырық шашар кезде ашық көлге шығып, пайдаға шықпақ болған Арал ауданындағы екі азамат заң құрығына ілінді. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау барысындағы рейд кезінде қолға түскен екеуден 126 келі көксерке тәркіленген.

«Аталған дерек аудандық прокуратурада тіркелді. Құзырлы органдар тарапынан екі тұрғынға ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот үкімімен аталған азаматтар тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - Қызылорда облыстық прокуратурасы осылай деп мәлімдеді.

Енді олардан мемлекетке келтірілген 620 392 теңге көлеміндегі залал өздерінен өндіріледі. Заңсыз балық аулаушылар айыппұлдан бөлек моторлы қайығынан да айырылып тынды, яғни тәркіленді.

Қызылорда облысы.