• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2019

Жетісу жұрты Арыстағы ағайынға қол ұшын созуда

294 рет
көрсетілді

Талдықорғанда «Жетісу Арыспен бірге!» деген атаумен қайырымдылық акциясы басталды.

Облыс орталығында гуманитарлық көмекті қабылдау пункті шамамен бір ай көлемінде таңғы сағат 09:00-ден кешкі 21:00 аралығында жұмыс істемек. Қолдау акциясын ұйымдастырушылар Алматы облысының атынан Арыс қаласына үлкен керуен баратынын мәлімдеді. Қазір зардап шеккен арыстықтарға беретін ең қажетті заттардың тізімі дайындалған. Олардың қатарында консервілер, дәнді дақылдар, макарон өнімдері, минералды су және балаларға арналған киімдер мен көрпе, жастықтар бар.

Сондай-ақ, жетісулық мемлекеттік қызметшілер бас болып, бір күндік еңбекақыларын қоғамдық қорға аудару басталды. Ал Алматы облысының әкімдігі Арыс қаласынан 150 баланы Жетісудің емдеу-сауықтыру орындарында тегін дем алуға шақыратынын мәлімдеді

Ертең гуманитарлық көмек тиелген автокеруеннің алғашқы легі жолға шықпақ.

Соңғы жаңалықтар