Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның Тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті.
– Біздің Монғолиямен ынтымақтастығымыз жемісті дамып келеді, халықаралық ұйымдар аясында бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндірісі салаларындағы жобаларды жүзеге асыру жөнінде елдеріміздің іскер топтарының өзара уағдаластықтары бар, – деді Мемлекет басшысы.
Пунсалмаагийн Очирбат Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, оның қызметіне табыс тіледі.