• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Маусым, 2019

Мәжіліс шекара маңында тұратын қазақстандықтар үшін маңызды құжатты мақұлдады

281 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстанның және Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел арасындағы шекара 7 500 шақырымнан асады. Бұл әлемдегі ең ұзын шекара. Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар. Олардың 30-ы автокөлік, 20-сы теміржол және тағы біреуі өзен арқылы іске асырылады. Сондай-ақ шекара маңындағы тұрғындарға арналған 86 өткізу бекеттері жұмыс істейді. Хаттамамен келісімнің 3-қосымшасында көрсетілген Шекара маңындағы аумақтарда тұратын Қазақстан мен Ресей азаматтарының шекараны кесіп өтуі үшін жарамды құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізіліп отыр. 

«Қазақстанның ішкі заңнамасында азаматтарды тіркеу кітабының күшін жоюына және мекенжай анықтамасының енгізуіне орай аталған келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Бұл өзгерістер 2018 жылы 9 қарашада Петропавлда 15-ші Өңіраралық ынтымақтастық форумында қол қойылған хаттамамен енгізілді. Қазіргі уақытта ауылдық аумақтардың барлық әкімдерінде интернет желісін қолдану арқылы мекенжай куәлігін беретін мүмкіндігі бар. Осыған байланысты бұл хаттаманы қабылдау Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының маңындағы аумақтарында тұратын Қазақстан азаматтарының өту үдерісін жеңілдетуге және тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді», деді Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов. 

Сонымен бірге, Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің 2019 жылы 12 сәуірде жолдаған нотасында Ресей Федерациясы тарапы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталғанын хабарлады.