• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 26 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет 100 мың азаматтың несиесін өтеп береді

559 рет
көрсетілді

Мемлекет 100 мың азаматтың несиесін өтеп береді. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік тұрғыда барынша аз қамтылған азаматтар түрлі қиын жағдайларға байланысты өзіне  алған кредиттік міндеттемесін орындай алмай отырған ахуал қалыптасты. Көптеген азаматтардың қарзы жүктемесі артып келеді, олардың шынайы табыстары төмендеуде. Адамдар кредиттері бойынша қарыздарын қалай өтерін білмей отыр және бұл проблема шамамен 100 мың азаматымыздың өмірлік мүддесіне қатысты», деді Мемлекет басшысы. 

Президенттің дерегінше, кредиттердің 86 пайыздан астамының көлемі 1 млн теңгеге жетпейді. Ал орташа берешек көлемі шамамен 300 мың теңгені құрап отыр. 

«Мұның барлығы сарапталған және есептелінген. Қазақстанның басшысы ретінде адамдардың белшеден батқан қарыздан шығуға қауқарсыз екендігін көре отырып, бұған араласпай тұра алмаймын. Сондықтан Үкіметке бір реттік акция ретінде келесі шараларды қабылдауды тапсырдым: жоғарыда атап өткен санаттағы әрбір заемші үшін нақты және атаулы қаржылай көмек ретінде мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді», деді Қ.Тоқаев. 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының атап өтуінше, олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс.  

«Несие алғандардың 55  пайызы, яғни 250 мың адам үшін бұл негізгі несие мен сыйақыны қоса алғанда жалпы қарыз көлемін тұтастай төлеу дегенді білдіреді. Қалған несие алған азаматтардың  қарыздары 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі. Бұл олардың төлеу қабілеттілігін қалпына келтіруге және қарыз жүктемесін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізеді. 2019 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша банктерде және шағын қаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бар барлық азаматтар үшін есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады. Несие алушылардың аталған төлемдерін есептен шығару, ең алдымен, екінші деңгейдегі банктер мен шағын қаржы ұйымдарының есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, несие беруге, несиеге қатысты қызмет көрсетуге және жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен барлық кепілсіз қарыздарына байланысты айыпақы, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынады», деді Мемлекет басшысы.