• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 29 Маусым, 2019

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

435 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін атқарылған жұмыстар мен Орталықты басқару жөніндегі кеңестің отырысына дайындық туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі xабарлады.

Қайрат Келімбетов биыл 2-3 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Astana Finance Days кәсіптік конференциясы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының ірі халықаралық банктер мен инвестициялық компанияларды тартатын орталыққа айналуы тиіс. Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын экономика мен қаржы секторына тек елімізден ғана емес, сондай-ақ, барлық өңірден инвестиция тартатын қозғаушы күшке айналдыру жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды.