• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2013

Мың асқанға – бір тосқан

344 рет
көрсетілді

Мың асқанға – бір тосқан

Сейсенбі, 9 сәуір 2013 2:23

Венада Рахат Әлиевтің ісі бойынша сот процесі басталды

Австрияның астанасы – Вена қаласының Жоғарғы федералды жер соты Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің ісі бойынша қылмыстық тексеру амалдарын бастап кетті.

Аталған сот бұдан бұрын, 2012 жылғы 17 желтоқсанда Әлиевтің жұрттан ақша бопсалау және қылмыстық жолмен жиналған ақшаларды сіңіріп кету мақсатында қылмыстық топ құрып, оны өзі басқарғаны жөніндегі айыптаулардың толық дәлелденгенін өз шешімімен бекітіп бергені хабарланған болатын.

Сейсенбі, 9 сәуір 2013 2:23

Венада Рахат Әлиевтің ісі бойынша сот процесі басталды

Австрияның астанасы – Вена қаласының Жоғарғы федералды жер соты Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің ісі бойынша қылмыстық тексеру амалдарын бастап кетті.

Аталған сот бұдан бұрын, 2012 жылғы 17 желтоқсанда Әлиевтің жұрттан ақша бопсалау және қылмыстық жолмен жиналған ақшаларды сіңіріп кету мақсатында қылмыстық топ құрып, оны өзі басқарғаны жөніндегі айыптаулардың толық дәлелденгенін өз шешімімен бекітіп бергені хабарланған болатын. Сот сондай-ақ, Қазақстандағы тергеу амалдарының нәтижелерін және «Нұрбанк» ісі бойынша қазақстандық үкімнің негізгі ұйғарымдарын қаперге алды. Ол, сонымен бірге, іс бойынша зардап шеккендердің жауаптарына сенуге болады деп тапты.

«Соттың бірінші отырысының қалай өткенін Қазақстанның «Тағдыр» қоры мен «Нұрбанктің» қаза тапқан менеджерлері отбасыларының адвокаттары доктор Габриэль Лански мен Анна Цайнтлингерден сұрап, анықтап алудың орайы келмеді – олардың телефондары өшіріліп тұрды. Сол екі ортада нақтылы Әлиевке, осы істегі оның сыбайластары ретінде тартылған адамдар – Әлнұр Мұсаевқа, Вадим Кошлякқа, Виктор Сапожниковке және басқаларға қатысты соттың басталғаны туралы ақпаратты бізге «Нұрбанктің» қаза тапқан топ-менеджері Айбар Хасеновтің жесірі Шолпан Хасенова жанама түрде растап берді», деп жазды осыған орай «Время» газеті.

Жұрттың жадында болса, бұл оқиға былай басталып еді. 2007 жылғы қаңтарда «Нұрбанктің» менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов бір күннің ішінде ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Басында жұрт батып айтпағанмен, сол кездің өзінде-ақ осы жоғалудың «Нұрбанктің» қожайыны Р.Әлиевтің қолымен жүзеге асырылғаны туралы күдік елді жайлап кетіп еді. Бірақ, оған айып тағуға негіз болатын жәйт – екі менеджер не өлідей, не тірідей табыла қоймады. Сол тұстағы өліара мезгілді жеке басының қауіпсіздігі үшін керемет пайдалана білген Р.Әлиев «мені саяси көзқарасым үшін қудалап жатыр» деген өтірік желеуді алға тартып, дереу Австрияға асып кетті. Қазақстан жағы тек 2008 жылы Австриядан Рахат Әлиевті қамауға алуды және оны Қазақстан құқық қорғау органдарының қолына беруді сұраған. Алайда, Австрия үкіметі «істің саяси астары бар», деп танып, оны қылмыс жасаған еліне қайтарудан бас тартты.

Бұл екі ортада екі банкирдің қазасы тап Р.Әлиевтен болғаны еш күдік келтірмейтіндей деңгейге жетіп, олардың әйелдері – Армангүл Қапашева мен Шолпан Хасенова Вена сотына бірнеше мәрте шағым түсірді. Солардың бәрінде де Жолдас пен Айбардың жоғалып кетуіне Рахат Әлиевтің тікелей кінәсі бар екені анық көрсетілді. «Рахат Әлиев балаларымды кез келген адамға тән қарапайым шаттықтардан айырды, олардың қастарында қорғап-қоршап, бауырына басатын ешкімнің болмағанына, міне, бірнеше айдың жүзі болды. Біздің бар өміріміздің шырқын бұзған адам өзін халықтың берекесі үшін күрескен құрбан етіп көрсетіп, бізді келеке етуден танбай отыр. Бүгінде біз өркениетті елдердің басшыларын, қоғамдық және құқық қорғаушы ұйымдарды, журналистерді, әлемдік қоғамдастықты әділ сот үстемдік құрсын деп Австрияға ықпал жасауға шақырамыз», деп жазды Армангүл Қапашева мен Шолпан Хасенова өздерінің хаттарында.

Бұл аралықта Қазақстан соты Р.Әлиевті «банкирлерді ұрлап әкеткен және мемлекеттік төңкеріс әзірлеген» деген айыппен 40 жылға сырттай соттап та үлгерген болатын. Өкінішке қарай, Австрия құқық қорғау органдарына бұл жағдай да пәлендей әсер ете қоймады. Соның негізінде олар Р.Әлиевті Қазақстанға беруден бас тартты. Ақырында, 2011 жылғы 13 мамырда еліміздің құқық қорғау органдары Рахаттың нағыз қанішер қылмыскер екенін айғақтайтын дерекке де қол жеткізді. Өте мұқият та ыждағатты жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде «Нұрбанктің» екі менеджерінің мәйіттері Көктөбенің баурайындағы «Қазтелерадио» мекемесінің аумағынан табылды. Қаныпезерлер оларды ішіне әк толтырылған темір бөшкелерге салып, 3-3,5 метр тереңдікке көміп тастаған екен. Осы қайғылы жағдай белгілі болған соң Армангүл Қапашева мен Шолпан Хасенова тағы да Австрия билігін әділдікті қалпына келтіруге шақырып, қылмыскерді еліне экстрадициялауды талап етті. Осы тұста Рахат Әлиевтің қылмыстық істерін ұзақ уақыт сараптап, бір ұйғарымға келген Вена соты оны жауапкершілікке тартпақшы да болған. Бірақ сол кезде Р.Әлиевтің Австрия аумағынан тысқа шығып кеткені анықталды. Сөйтіп, екі елдің әділет органдары ырғасып жүргенде, нағыз қылмыскер құрықтан шығып кетті. Кейін оның екінші әйелінің тегі бойынша «Рахат Шораз» деген есіммен Мальта аралын паналап жүрген дерегі шықты. Мұның артынша Әлиевтің сонау Латын Америкасына асып кеткені айтылып қалып жатты.

Дегенмен, кеш те болса, нақты іс қолға алынды. Енді, заңгерлердің айтуларынша, Қазақстанда жалпы саны 45 жылға сырттай сотталған Рахат Әлиев жасаған қылмыстары үшін Австрия сотының үкімімен өмір бойы бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. «Рахат Әлиев өзіне қатысты сот процестерін Австрияда өткізгісі келеді. Өзі еуроаймақ ішінде екенін де айтты. Егер оған Еуроодақ ішінде ұстау жөнінде ордер берілсе, Австрия соты алдында бар қылмыстары үшін жауап беруге әзір екенін білдіруде. Әлиевтің айтуына қарағанда, ол өз қылмысы үшін жазасын өтеуге дайын», деген еді осыдан шамалы бұрын адвокат Габриэль Лански осыған орай. Осы жерде заңгер Әлиевке қатысты материалдармен танысу барысында ол Еуропаның көптеген ықпалды адамдарын, саяси күштерді, Австрияның мемлекеттік құрылымдарын, басқа да тұлғаларды өзінің қылмысын жауып, темір тордан құтылу үшін пайдаланғанын да айтады. Мұны ол Австрия билігінің қылмыскермен жемқорлық сипатындағы байланысқа барғанымен түсіндірді.

Адвокат бұдан ары: «Қазір Рахат Әлиевтің қалай қаржыларды ұрлағанын, оны қалай өткізіп, кімдерге бергенін дәлелдеу қиынға түседі. Себебі, бұл іс үлкен жемқорлық фактілеріне толы. Әрбір елдің ең өзекті мәселелері бар. Міне, Австрияда да жемқорлықтың бар екенін ашық айтуға болады. Соның арқасында Рахат Әлиев 2010 жылы Венадағы жергілікті муниципалитетпен байланыс орнатып, олардың пайдасына инвестиция құйған. Тіпті, билеуші саяси партиялармен тығыз қарым-қатынаста болған. Оны ұстатпауда мемлекеттік полиция да қолұшын берген», деп атап өтіп, Австрия билігінің әрекеттерін әшкере етті.

Бұған қоса, Рахат Әлиев 2009 жылы Австрияда жаңа шетелдік паспорт алып үлгеріпті. Жәбірленуші тараптың адвокаттары қазір қашқын Әлиевке қандай жолдар арқылы паспорт берілгенін де анықтау үстінде. Мұның алдында ғана Рахаттың елден ұрлап әкеткен қаржы сомасы жария етілді. Ол Қазақстаннан Австрияға қарай 113 млн. еуро ақшаны жеткізіп үлгерген. Бұл қаражаттар Швейцария, Мальта, Ұлыбритания, Германия секілді мемлекеттерге түскен.

«Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық іс тек бір ғана Австрияның проблемасы емес, ол бүкіл Еуропаның мәселесі. Сондықтан мұны Әлиев жақсы біліп, түсініп отыр. Осы үшін де барлығын залалсыздандырып, жолын кесуде. Солардың ішінде біз де бармыз. Біз оның кімге және қалай ақша бергенін, оған кім жұмыс істейтінін анықтамақпыз», деп осы істі аяғына дейін апаратын адвокат Габриэль Лански нық айтты. «Амангүл Қапашева мен Шолпан Хасенова 2009 жылы маған бұл істі тапсырған кезден бастап, мен ол кісілермен бірге трагедияны бастан кешірдім, ұлдарының өлімдері жүрегіме қатты тиді. Сондықтан, мен өз қолыммен Әлиевті сот алдына апарамын. Кәсіби қызметім барысында бір адамның жеке бас пайдасы үшін қаншама адамды азаптап-қинаған осындай үлкен қылмыстық істі көрген жоқпын. Оны Анастасия Новиковаға көрсеткен қорлықтарынан байқауымызға болады. Оның жеке бойында көптеген паталогиялар бар. Қолындағы билігін дұрыс қолдана алмауы, күш-қабілетін есептей алмауы, ақша алдындағы ашкөздігі басым», – деді ол.

Міне, адвокат айтқан істің басы оңғарыла бастаған сияқты. Ақыры сең қозғалған сыңайлы. Енді оның қалай қарай ағып, қайдан тоқтайтынын күту ғана қалды. 

Құрыш НҰРЫМБЕТ.