• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2019

Жазғы лагерьдің қызығы көп

762 рет
көрсетілді

Жаз – әрбір оқушының асы­ға күтетін уақыты. Бала­­лар­дың бәрі осы ба­қыт­ты күн­дерде сабақ­тарын ұмы­тып, алаңсыз демалатыны белгілі. Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы орта мектеп оқушылары биылғы жазды қызықты әрі пайдалы өткізіп жатыр.

Тереңкөлдегі «Зеленая роща» жалпы білім беру мектебінде ба­лаларға арналған дәстүрлі «Улыбка» жазғы демалыс лагері би­ыл да ұйымдастырылды. Ла­герьдің барлық тәрбиешілері өз мектебіміздің мұғалімдері. Олар әр баланың ерекшелігін, мінез-құлқын, қызығушылығын жақсы біледі.

Лагерьдің ашылуы дәстүр бойын­ша 1 маусымда өткен болатын. Балаларды күлкілі клоундар мен ертегі кейіпкерлері қарсы алған-ды. Олар содан бері лагерьге бірнеше рет келіп, түрлі конкурстар мен ойындар өткізіп, жұмбақтар жасырды, жарыс өткізді.

Оқушылар үшін түрлі тілдік сабақтар өткізілді. Қазақ тілі пә­нінің мұғалімі Ы.Тұрсын­ха­нова «Тіл – ті­регім» атты үйір­­ме ұйымдастырып, онда ба­ла­лар қазақ тілі бойынша ин­тел­лек­туалдық білімдерін көр­сетті. Ағылшын тілінің мұға­лімі А.Темірболатованың жетек­ші­­лігі­мен балалар «Lingvоkids» үйір­ме­сін­де ағылшын тілін белсене үй­ренді.

Сабақтардан басқа, тәрбие­шілер ойын-сауық шараларын, спорт жарыстарын, викториналар мен әртүрлі конкурстарды өткізді. Мұның бәрі бала­лардың шығармашылық тұрғыда жетілуіне көмектеседі.

Жалпы, балаларды білімге қызық­тырудың да түрлі педа­го­гикалық тәсілдері бар. Жаз мез­гілінде балдырғандардың уақыт­тарын босқа өткізбей, ден­саулық­тарын жақсартып, білім­дерін жетіл­діруіне «Улыбка» лагері игілікті ықпал етті.

 

А.Боқаева,

«Зеленая роща» орта мектебінің мұғалімі

Павлодар облысы,

Тереңкөл ауданы