• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Шілде, 2019

Кірісін жасырған мейрамханалар көп

695 рет
көрсетілді

Еліміздің мейрамханалары қолданыстағы заңнамалардың нормаларын бұзып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Аталған орындар қызметкерлерінің санын жасырып, касса аппараттарын қолданбаған немесе фискалдық чекті айына 1 рет шығарып, өз кірістерін көрсетпеген.

Мемлекетімізбен шағын кәсіпкерлік субъектілерін фискалды қолдау шараларын қолдауды жалғастырып келе жатқанына қарамастан, еліміздің «мейрамханалары» өздерінің кірістері мен жалдамалы жалғастыруда.

Мемлекеттік кірістер комитеті аталған саладағы салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауын қашықтан бақылауды өткізу барысында астанада және Республикалық маңызы бар қалаларда қызметін жүзеге асыратын әртүрлі интернет сайттарда өз қызметтерін жарнамалайтын әрекеттегі мейрамханалардың тізімі  пайдаланды, деп мәлімдеді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әдіснама департаментінің директоры Жәнібек Нұржанов.

Бақылаудың алдын ала нәтижелеріне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының 164 мейрамханасы бойынша 37 салық төлеуші салық есептілігінде өз кірістерін көрсетпеген, 31 мейрамхана бойынша жалдамалы қызметкерлер жоқ, және жалдамалы қызметкерлер санын 1 – ден 5 – ке дейін 41 мейрамхананың көрсеткендігі анықталды. Одан басқа, қаланың 6 мейрамханасында бақылау – касса машиналары жоқ, ал БКМ орнатқан мейрамханалардың ішінде айына 1 рет фискалдық чекті шығаратын –1 мейрамхана, күніне 1 рет – 14 мейрамхана анықталды. Қаланың 34 мейрамханасында БКМ бойынша айналымдары жоқ.

Осыған ұқсас жағдай Алматы қаласы бойынша орын алған, яғни, 275 мейрамхана бойынша 95 салық төлеуші салық есептілігінде өз кірістерін көрсетпеген, 123 мейрамхананың жалдамалы қызметкерлері жоқ, жалдамалы қызметкерлер санын 1– ден 5– ке дейін 24 мейрамхана көрсеткен. БКМ бойынша: айына 1 рет фискалдық чекті шығаратын – 3 мейрамхана, күніне 1 рет – 13 мейрамхана анықталды. Алматы қаласының мейрамханаларының 83 – де БКМ бойынша айналым болмаған.

Шымкент қаласының 85 мейрамханасы бойынша өз кірістерін көрсетпейтін 17 салық төлеуші анықталды, 24 мейрамхана жалдамалы қызметкерлерін көрсетпеген,  жалдамалы қызметкерлер санын 1 – ден 5 – ке дейін көрсеткен 12 мейрамхана анықталды. Одан басқа, қаланың 23 мейрамханасында бақылау – касса машиналары жоқ. БКМ орнатылған мейрамханалар бойынша: айына 1 рет фискалдық чекті шығаратын – 2 мейрамхана, күніне 1 рет – 8 мейрамхана анықталған. БКМ бойынша айналымдары болмаған 24 мейрамхана анықталды.

Бұл ретте, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аталған саладағы салық төлеушілердің 18 пайызы 2018 жылғы декларациясында жылына 1 млн. тенгеге дейін немесе күніне 3 000 тенге мөлшерінде кіріс көрсеткен.

Салық міндеттемелерін толық көлемде орындамайтын барлық салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдады. Осындай талдау басқа облыстар бойынша да жүргізілуде, деп атап өтті Жәнібек Нұржанов.

МКК салықтық бақылау мақсатындағы тәуекелі жоғары топқа қосылуын болдырмау үшін, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсететін салық төлеушілермен қолданыстағы заңнамалардың талаптарын орындау, салықтық есептілікте нақты кірістері мен жалдамалы қызметкерлеріның санын көрсету қажеттілігіне назар аударады.