• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 02 Шілде, 2019

Елорданың Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды

337 рет
көрсетілді

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Есіл ауданының әкімі қызметіне Берік Жакеновтің кандидатурасы ұсынылды. Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады. 

Берік Оралұлы Жәкенов 1978 жылғы 25 тамызда Целиноград қаласында  дүниеге келген. «Экономист» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін аяқтаған, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті  басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.  

Еңбек жолын 2000 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласының Салық полициясы органдарынан бастаған.  

2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 83205 ә/б  қызмет еткен.  Астана қаласы бойынша Салық комитетінің ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу бөлімінің маманы, Қазақстан Республикасының салықтық органдарында үлкен қызмет өтілі бар. 

2007-2009жж. Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды. 

2009 жылы Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 

2010 жылы Астана қ. «Нұр Отан» ХДП хатшылығының меңгерушісі, 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде қызмет етіп, кейін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарырарқа» ауданы бойынша Салық басқармасын басқарды. 

2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды. 

2016 жылғы қазаннан бастап осы күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.