• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 03 Шілде, 2019

Қалдық шикізатынан – биоотын

1560 рет
көрсетілді

Бүгінде «биоотын» деген ұғым жұртшылыққа жақсы таныс болғанымен, озық технологиялар арқылы кез келген қалдықтан пайдалы өнім алу жолдарын жете біле бермейтіні рас. Өркениетті елдер оның тиімділігіне әлдеқашан көз жеткізіп, жерасты және жерүсті байлықтарын үнемдеу жолдарына жаппай көшкен. Соңғы онжылдықта биоотын өндіру әлемде ерекше қарқын алып, елімізде де бұл бағытта алғашқы қадамдар жасала бастады.

Оның нақты мысалы ретінде Солтүстік Қазақстан облысын­дағы әлеу­­меттік нысан­дар­ға сабан­мен жағы­ла­тын био­қазан­дық­тардың көптеп ор­на­ты­лып жат­қанын келтіруге болады. Нә­­ти­­жесінде аталған нысандар ар­­­­зан­­­датыл­ған, тиімді және қор­­­­­шаған ортаға қауіпсіз жаңа отын түрін кеңінен пайдаланады. Облыстық энер­гетика және тұр­ғын үй ком­мунал­дық шаруа­шылығы бас­қар­­­ма­сының басшысы Әділбек Әу­бәкіровтің айтуынша көптеген жылдар арзан, қоршаған орта­ға қауіп­сіз отын­­мен жылытылады. Бірқатар аудан­­­дар «жасыл экономикаға» көшу­­дің бағ­­дар­ламасын түзіп, бала­­ма­лы көздерін игеруге кіріскен

– Биоотын өндірісін дамытып, энергия үнемдеу – басым бағыт­тардың бірі. Қазақстанда 2030 жылға таман баламалы энер­­гия үлесін 30 пайызға жет­­кізу бел­гі­ленген. Біз өз тара­пы­­мыз­дан мектеп, ауруха­на сы­қыл­ды әлеу­мет­тік нысан­дар­дың жарық пен жылу­ға жұм­­­са­латын шығынын азайту мүм­кін­дік­терін қарастырып отырмыз. Дәнді дақыл­дардың, астық өнім­дерінің қал­дығын кәдеге жар­а­тып, биоотын өндіру­ге ба­ғыт­талған шаралар жеміссіз емес, – дей келіп, сабанмен жа­ғы­ла­тын қазан­дық­тарды орнату жұ­мыстары 2015 жыл­дан бері қолға алынғанын жеткіз­ді. Қа­зір био­массаны қолданатын 95 қазан­дық ор­на­тылып, 61 бюджеттік ұйым қо­сыл­ған. Бұл мекемелер биылғы жылыту мау­сымында 21 мың тонна көмір үнем­де­ген, ақшаға шақсақ, 151 миллион теңге. Демек, алғашқы аяқалыс өзін-өзі ақтап отыр деген сөз. Жыл соңы­на дейін мем­лек­етт­ік-жекеменшік әріптес­тік ая­сын­да тағы 30 қазандық орнату жос­пар­­­ланған. Сөйтіп жылытудың осы тү­ріне тағы 50 нысан қосылып, бюд­жет­тік ме­ке­ме­лердің саны 32-ге дейін артатын болады.

Биоотынның игілігін көріп отыр­ған Шал ақын ауданында нысандар 10 заманауи қазандықтың көмегі­мен жы­лы­тылуға көшіріл­ді. Қазандық­тар­­д­ың төртеуі жер­гілікті қазынадан бөлін­ген қара­жатқа, ал қалғаны агро­құры­лым­­­­дар­дың демеушілігімен ор­на­­­тыл­ды. Аудан әкімінің орын­­ба­­сары Бағдат Шәкенов бізге мем­­ле­кеттік-жекеменшік әріп­­тес­­тік бо­йынша Жаңажол, Сту­пинка, Мерген, Ольгинка ауыл­­дарындағы мектептер,  Сергеев­ка қала­сындағы №2 мектеп-гим­назия, әкімдік, «Бөбек» бала­бақшасы, №1 орта мектеп және 8 көппәтерлі тұрғын үй заманауи қазан­дықтарға қосылғанын, 22 миллион теңге үнемделгенін айтты. Биоотынмен жылытыла­тын төрт мектепте шығын 50 па­йызға азайған. Әрі қазан­дық­тар­ды жағып, оны қадаға­лайтын қызметкерлер саны да, автокөлік және экологиялық салық мөлшері де төмендеген. Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектепке заманауи қазандықты «Әби-Жер» ЖШС-і тегін орна­тып беріп, қажетті отынмен қам­­­та­масыз етуді өз міндетіне алған. Мек­­теп директоры Әлия Әмі­ренова озық тех­­но­ло­гияға негіз­делген жаңа қазан­дық­­тың артық­шылықтары туралы айтып берді. Қондырғының қуаты 5 мың шар­шы метр аумақ­ты жылытуға жететін кө­рі­неді. Тәулігіне бар-жоғы 8 орама са­бан жұмсалады. Бұған дейін жылына кемін­де 400 тонна көмір тұтынып келсе, енді қар­жылық шығын да, экологияға кел­­ті­­рі­­летін зиян да әлдеқайда азайғаны байқалады.

Осы аудандағы агроқұры­лымдардың бірі – «Агро-Север» ЖШС-і де табиғат ресурстарын тиімді әрі үнемді пайдалану жобасын ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Мал шаруашылығымен қатар егіншілік саласын да дамытуды мақсат еткен Николай Луговой – заман ағымын терең түсінетін басшылардың бірі. Бұған дейін астық қалдықтарын күйдіріп келсе, енді мәселені шешудің тиімді жолын тапқан. Қырмандағы астықты кептіретін арнайы қазандық сабан ар­қылы қыз­дырылады. Серіктестік ор­на­лас­қан ауылдағы әлеуметтік ны­сандар да осылай жылытыла­ды. Кәсіпкер Приишим ауы­лын­дағы орта мектепке заманауи қазандық орн­атып, қызмет көр­сету шығын­да­рын өзі өтейді. Шы­ғын 5,5 мил­­­лион теңгеден 800 мың тең­ге­ге дейін кеміген. Жасы­ра­ты­ны жоқ, егістік алқаптарда дән­ді жә­не майлы дақыл қал­дық­та­ры­ның ысырап болып жат­қа­нын көр­генде «есіл еңбек-ай» дей­сің. Мұнай шикізатынан өнім алу­­дан гөрі сабаннан биоотын өн­­діру әлдеқайда тиімді еке­нін тү­сі­­нетін мезгіл жетті. Ең бас­ты­сы арзан, соншалық мех­­нат­ты да қажет етпей­ді. Өз басым бұл бастаманы то­лық қол­­­дап отырмын. Қазіргі уа­қыт­­т­а за­манауи қазандықтарға зы­­­ғыр са­банын да пайдаланып, ас­­­тық кеп­тіреміз, әлеуметтік ны­­­са­н­­дарды жылытамыз, дейді Ни­колай Александрович. Биыл ауыл­дық округтердегі мектептер­ге де жылыту қазандықтары ор­­­на­­тылады. Ауданда майлы да­­­қыл­­­дар ғана 45 мың гектар ал­­­қапқа өсірі­летінін ескерсек, био­­отын дайындайтын шикі­зат тап­­шы­­лығы сезілмесі анық. Мем­ле­кет­тік-же­ке­меншік әріптестік ая­­­сы­н­­да Қызылжар ауданының Якорь, Большая Малышка және Аса­ново ауылдарындағы білім ошақ­­­тары да сабанмен жылытуға кө­­ші­­­рілген. Аудандағы 47 мек­теп­­ке заманауи қазандық қойыл­са, 40 мил­лион теңге үнемделеді екен. 

Бүгінде Қазақстанда биоотын өнді­ретін шикізат жүгері, бидай, рапс, соя сабан­дарымен ғана шектелмейді. Қазіргі таңда нарықта биоотынның сұйық түрлері де қолданылады. Оның қатарына био­этанол, биометанол, биобутанол, диметилэфир, биодизель өнімдерін жат­қызуға болады. Тайынша ауданында жұ­мыс істейтін «Биооперейшн» ЖШС-і био­этанол өндіруге кірісіп кеткен. Елі­мізде әзірге баламасы жоқ кәсіп­орын көп жылғы үзілістен кейін диір­мен кешенін пайдалануға беріп, глю­тен мен балауыз шығара бастады. Биыл астықты тереңдете өңдеу әдісін қол­дану арқылы биоэтанол сыртқы нарық­қа жөнелтіледі. Зауыттың бас дирек­торы Алмас Қалимурзин әңгіме барысында биоэтанол тек жоғары сапалы астықтан өндіріледі деген қасаң пікірмен келіспейтінін білдірді. Технологиялық талаптар дұрыс сақталса, сапасы төмен төртінші, бесінші сұрыпты бидайды да кәдеге жаратуға болады. Ауаны ластайтын, улы газдар бөлмейтін, толық жанып кететін жағымды қасиеттеріне байланысты биоэтанол Еуропа елдерінде үлкен сұранысқа ие. Қызылжар жылына кем дегенде 5-6 миллион тонна дәнді қамбаға құятын астықты өлке. Демек, осынша астықтың аздаған ғана бөлігін тереңдете өңдеу арқылы бәсекеге қабілетті бірнеше өнім түрін алуға мүм­кіндік мол. Оның айтуынша, биоэтанол цехы жылына 60 мың тоннаға дейін өнім шы­ғаруға қауқарлы. Экологиялық таза өнімге Еуропа мен Орталық Азия елдері­нен тапсырыстар түскен. Отандық мұнай зауыт­тарының «еуро-5» және «еуро-6» бензинін шығаруға көшкенін ескерсек, экспорт көлемі де арта түсері сөзсіз.

Немістер тұрмыстық, жапондар тамақ қалдықтарын кәдеге жаратып, биоотын өндіріп отыр. Яғни жоқтан бар жасап, ұқсатуға әбден машықтанған. Бұл үрдістің Қазақстанда да жаппай жалғасын табарына кәміл сенейік.

Қанат АТАМАНОВ,  журналист Солтүстік Қазақстан облысы