• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда «Жасыл ел» жасағының кезекті маусымы басталды

446 рет
көрсетілді

«Жасыл ел» жасағының биылғы жұмыс маусымы 665 жасты қамтып отыр.

Белсенді жастардың арасында студенттермен қоса мектеп оқушылары да бар. Олар қолдарына кетпен ұстап,  қаулап кеткен арам шөпті тазартады. Басқа да абаттандыру, көріктендіру шараларына қатысады.

«Мен «Жасыл ел» жасағына үшінші рет қатысып отырмын. Төленетін еңбекақы мөлшері қанағаттандырады. Жұмыс өте  ұнайды», дейді М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенті Әминә Темірханова..

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының менеджері Антон Шишкановтың айтуынша, оның сапында 16 мен  29 жас аралығындағы кез келген жас еңбек ете алады. 665 жұмыскердің  жартысы орман шаруашылығы базасына орналасса, қалғандары «Таза аулалар», «Көрікті шаһар» сынды түрлі акцияларға атсалысады.

Жастар екі маусым бойы жұмыс істейтін болады. Жасақтың әр мүшесі 75 мың теңге көлемінде жалақы алады.

Солтүстік Қазақстан облысы