• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 04 Шілде, 2019

Әулиекөлде ән оздырған күн

264 рет
көрсетілді

Әулиекөл ауданында «Киелі домбыра үні» атты іс-шара өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында жас ұрпақтың ұлттық өзін-өзі тануы, дәстүр мен тарих құндылықтарын насихаттау мақсатындағы жобаға ауданның жас домбырашылары қатысты. Іс шара 60 шақты домбырашылардың орындауындағы «Адай», «Келіншек» және «Әлқисса» күйлері флешмобынан бастау алды. Одан әрі аудандық домбырашылар мен әншілердің өнер сайысы жалғасын тапты.

Байқау қорытындысында әулиекөлдік Әсем Қажиева «Майлықожаның термесін» әуелете орындап, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Москалев ауылынан келген «Ой толғауы» атты термесімен Дулат Шакиров қанжығасына байлады. Құсмұрын ауылының тұрғыны Абжанова Гулшат «Жігіттерге өсиет» атты термесімен үшінші орынды алды. Мұнан кейін Новонежин ауылынан қатысқан Әмірхамзин Шыңғысхан,Әмірхамзин Наурызбай,әулиекөлдік Қасымов Ерлан, Қарақалпақ ауылынан келген Жетпісбаев Мейрамбек тамылжыта ән шырқап, жыр айтып, көпшіліктің көңілінен шықты, олар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

Байқау соңында Әулиекөл ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жібек Тоқаева жиналған  қауымға бұл іс-шара ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және оны жаңғырту, жастарға ұлттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылып отырғандығын жеткізді. Ән оздырған байаулар алдағы уақытта жалғаса беретіндігін айтты.