• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Шілде, 2019

Теннис: Путинцева ұтылып қалды

220 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің екінші кезеңіне Қазақстанның қос теннисшісі шыққаны белгілі.

Бұған дейін біз WTA рейтингінде 39 орында тұрған қазақстандық Юлия Путинцева өзінің тұсаукесер кездесуде әлемнің екінші ракеткасы, Жапонияның жұлдызы Наоми Осаканы 7:6, 6:2 есебімен ұтқаны жайында жазғанбыз. Өкінішке қарай, екінші айналымда жерлесіміздің жолы болмады. Ол мықтылар тізімінде 81 сатыға жайғасқан швейцариялық Виктория Голубичке есе жіберді. 1 сағат 40 минутке созылған бәсеке 4:6, 6:7 есебімен аяқталды.

Уимблдондағы ендігі жалғыз үмітіміз – Михаил Кукушкин. Алғашқы айналымда испаниялық Пабло Андухардан айласын асырған Қазақстанның ең үздік теннисшісі бүгін әлемнің 12-ракеткасы америкалық Джон Изнермен шеберлік байқасады.