• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Шілде, 2019

Боб Арум Қазақстанға келді

356 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең үздік промоутерлердің бірі әрі бірегейі «Top Rank» компаниясының президенті Боб Арум Қазақстаға келді. Ол 6-шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін кәсіпқой боксшылар жарысын тамашалауды құп көрген екен.

87 жастағы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының тумасы Нью-Йорк университеті мен Гарвардың құқық мектебін тәмәмдаған. Әр жылдары өзінің туған қаласының прокуратурасы мен Әділет министрлігінде қызмет етті. Кейіннен кәсіпқой боксқа аңсары ауып, осы спорт түрінің басы-қасында жүрді. Алғаш рет Арум 1962 жылы Флойд Паттерсон мен Сонни Литсон арасындағы жекпе-жекті ұйымдастырды. Сол кезден бері ол Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Форманнан бастау алатын талай буын өкілдерінің, кәсіпқой рингтің шоқ жұлдыздардың чемпиондық атақтар үшін бәсекелерінің өтуіне мұрындық болды.

Өз карьерасында Боб Арум 400-ден аса бокс кешін үйымдастырды. Оның есімі Дүниежүзілік бокс даңқы залына енген.