• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2013

Әшкере болған іс

296 рет
көрсетілді

Әшкере болған іс

Сейсенбі, 4 маусым 2013 2:43

Қазақстанның құқық қорғау органдары қазір Мұхтар Әбіләзовтің БТА банк қаржыларын ұрлау, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасау, қылмыстық жолмен алынған табыстарды жасырып, оны сыртқа асырып жіберу және банк қаражатын заңсыз пайдалану фактілері бойын­ша қылмыстық істерді тергеуді жал­ғастырып жатыр. Бұл туралы кеше Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде атап өтті.

 

Сейсенбі, 4 маусым 2013 2:43

Қазақстанның құқық қорғау органдары қазір Мұхтар Әбіләзовтің БТА банк қаржыларын ұрлау, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасау, қылмыстық жолмен алынған табыстарды жасырып, оны сыртқа асырып жіберу және банк қаражатын заңсыз пайдалану фактілері бойын­ша қылмыстық істерді тергеуді жал­ғастырып жатыр. Бұл туралы кеше Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде атап өтті.

2009 жылғы 6 наурызда Әбіләзовке халық­­­­аралық іздеу жарияланды. Бұдан бөлек, оған Ресей Федерациясы мен Украинаның құқық қорғау органдары да өз елдеріне қатысты бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін оны іздестіре бастады.

2012 жылғы ақпанда Ұлыбританияда Лондон Жоғары Сотының шешімімен сотты сыйламағаны үшін Әбіләзовке 22 ай мерзімге түрмеге отыру жазасы кесілген. Алайда, ол Ан­­­глияның сот төрелігін орындаудан қашып кетті.

Үстіміздегі жылғы мамырдың 28-нен 29-на қараған түнде Италия по­­лициясының Рим қаласы маңындағы болжамды тұрып жатқан жерінде Әбіләзовті анықтау мен ұстау бойынша шаралар кезінде оның зайыбы Алма Шалабаева мен кә­­­­мелетке толмаған қызы Алуа Әбіләзова табылды.

Тексеріс барысында полиция Ша­ла­баева­ның Италия аумағында Ор­талық Африка Респуб­лика­­­сы­­­­­ның «Аян Алманың» атына берген көрінеу жал­ғандық белгілері бар паспортпен жүргенін анықтады.

Сараптама нәтижелері паспорттың жалған екенін анықтады. Бұл Италияда қылмыстық тұрғыда жазаланатын әрекет болып табылады.

Алма Шалабаеваның өз сөзде­­рі­­­нен қазақ­­­стандық азаматша екені анықталып, Қазақстан Респуб­­лика­­­­сы­ның Италиядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарының сауалы бойынша оны растағаннан кейін, италия билігі Шалабаева мен оның қызын Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады.

Италия прокуратурасы полиция әре­кеттері мен депортациялау туралы сот актісін заңды және негізді деп таныды.

Тиісінше, Шалабаева мен оның қызының құқықтары мен бос­­тандықтарының Италия құзыретті органдары тарапынан бұзылғаны туралы Әбіләзовтің барлық мәлімдемелері негізсіз болып табылады.

Италиялық құқық қорғау органдары Әбілә­зовті анықтау мен ұстау бойынша шараларды жалғастыруда.

Бұрынырақта қазақстандық құқық қор­­­­ғау органдары Әбіләзовтің ту­ыстарына, соның ішінде Шалабаева мен оның қызына іс жүзінде олар Қа­зақстан Республикасында жоқ болған кез­де ұлттық паспортты заңсыз жасау мен беру фактілерін анықтаған болатын.

Бұл дерек бойынша Атырау об­лыстық көші-қон полициясы қыз­меткерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қазіргі уақытта соттың қарауына ұсынылды.

Бүгінгі таңда тергеу Шалабаеваның аталған қылмысқа қатыстылығын тексеруде. Осыған байланысты оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Шалабаеваның өтініші бойынша тұр­ғы­­­лықты жері ретінде Алматы қаласы белгіленді. Енді оның аумағынан ол тергеушінің рұқсатынсыз кетуге құқылы емес.

Тергеу органы оның ел Конституциясы мен заңдарымен кепілденген заңды құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін болады. 

Құрыш НҰРЫМБЕТ.