Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына министрліктің атқарып жатқан қазіргі қызметі және орта мерзімді жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Қазақстан Президенті жаңа министрге заңнамалар мен нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» және «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын, туризм, спорт, мәдениет және тіл саясаты салаларындағы жобаларды іске асыру жөнінде бірқатар міндет қойды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту, жергілікті атқарушы органдармен және бизнес-құрылымдармен өзара ықпалдастықты нығайту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.