• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 08 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда жаңа туған сәбиге домбыра тарту етілді

683 рет
көрсетілді

Домбыра күніне орай облыстық халық шығармашылығы жəне бос уақыт қызметі орталығының ұйымдастыруымен домбырашылар керуені ұйымдастырылды.

Филармонияның Сегіз сері атындағы қазақ ұлттық оркестрінің мүшелері екі топқа бөлініп, тұрғындар көп шоғырланған аумақтарда өнер көрсетті. Олар вокзал, ірі сауда, ойын-сауық орындарында қазақтың танымал күйлері мен туындыларын орындап, домбыра үнін əуелетті. Музыкалық көріністі тамашалағандардың бірі – қызылжарлық Петр Перезерей темір жол вокзалында домбырашылардың өнерін қызыға тамашалап, ерекше тәнті болғанын жеткізді.

«Мен Новосібір қаласына көшкелі отырмын. Сəби күнімнен қазақтың ұлттық өнеріне қанығып өстім. Осындай жақсы керуеннің куəгері болып, кетіп бара жатқаныма өте қуаныштымын. Қонақжай қазақ еліне деген ризашылығым шексіз», дейді Петр Леонидович.

Қара домбыраның қоңыр үні  адамдар көп шоғырланған «Рахмет», «Сокол», «Тайға», «Сити молл» секілді сауда нүктелерінде, қоғамдық-көпшілік  орындарда да  асқақа естілді.

Қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Дәстен Баймұқановтың айтуынша, осы күні Перинатальдық орталықта дүние есігін бірінші болып ашқан  шақалаққа домбыра тарту етілді.