• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 09 Шілде, 2019

Спортшылардың құрметі ерекше

288 рет
көрсетілді

Бүгін мен үшін аса жауапты әрі толқынысты сәт болды. Өйткені кәсіби домбырашылармен бірге Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін бір сахнада отырып орындап шықтым. Ұлттық музыка саласында кәсіби білімім жоқ. Бірақ есесіне, жүрегімде жалын атқан намыс бар. Ал домбыра сол қалғып бара жатқан намысты жанитын, рухты оятатын алапат күшке ие. Сондықтан да спортшылардың домбыраға деген құрметі айрықша. Әрине өзімді домбыраның құлағында ойнайтын дәулескер күйші демеймін. Алайда «әу демейтін қазақ жоқ» демекші, ептеп шертетін аз-кем өнеріміз бар. Соны бүгін шамамның жеткенінше халқымның алдында көрсеттім. Рухымыз қалғымасын! Ұлық мейрам жасай берсін! 

Ермахан ЫБЫРАЙЫМОВ, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы