• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 09 Шілде, 2019

Жаңа туған сәбиге домбыра сыйлады

292 рет
көрсетілді

Семейде Достық үйінің директоры Надежда Шарова бастаған түрлі ұлт өкілдері қаладағы перинатальдық орталықта болып, жаңа босанған Альмира Рахметжанованың өмірге келген сәбиіне домбыра сыйлады.

Достық үйінің ұжымы атынан «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Солтүстік-Шығыс өңірі бойынша вице-президенті Орал Шәріпбаев сөз алып, ағалық тілегін білдіре келе, өз қолымен қазақтың қасиетті домбырасын ұсынды. Орал Шәріпбаевтың қолынан домбыра алғанына қуанған жас ана ризашылығын білдірді. 

– Біз мұндай шараларды жиі ұйымдастырамыз, – деді мекеме директорының орынбасары Анар­гүл Даннанова. – Домбыра күніне орай арнайы акция ұйым­дастырдық. Аналарға сый-сыяпат көрсеттік. 

Бұл Альмира Рахметжа­нова­ның төртінші баласы екен. Ол болашақта ұлының заң саласында қызмет еткенін, судья болуын қалайды. Сон­дықтан оған Заңғар деп ат қойыпты. Перинатальды ор­талық қыз­меткерлері мен Дос­тық үйінің өкілдері Заңғар­дың аман-есен үлкен азамат болып өсуін, ұлттық салт-дәстүрді құрмет­теуін тіледі.

Раушан НҰҒМАНБЕК, «Еgemen Qazaqstan»