• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Шілде, 2019

Үкімет пен Valmont Industries ынтымақтастықты іске асыру туралы құжатқа қол қойды

239 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет пен америкалық компаниялардың ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл бойынша құжаттарға қол қоюына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Жерлерді суару саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша Өзара түсіністік туралы Меморандумға ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров пен Valmont Industries президенті, бас директоры Cтив Каневски қол қойды. 

Жоба суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жем-шөп өндіру, фермерлерді оқыту мен тренинг өткізу, білікті кадрар даярлау саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құруға бағытталған. Заманауи ирригациялық қондырғылар ұсынылатын алаңдарды Ақмола және Түркістан облыстарында құру жоспарланған. 

Өз кезегінде, Valmont Industries, Global Beef (АҚШ) және Kusto Group (ҚР)  арасында қол қойылған келісімнің мақсаты - Қазақстанда қуаттылығы жылына кемінде 1000 жүйе болатын, инвестициялар көлемі $50 млн құрайтын заманауи ирригациялық қондырғыларды шығаратын зауыт салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру.