• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2019

Әскери қызметші жекпе-жектен ел чемпионы атанды

381 рет
көрсетілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі ефрейтор Отар Нұрбек жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан Чемпионатында топ жарып, әлем біріншілігіне жолдама алды.

Қазақстан Республикасының жекпе-жек Чемпионаты Орал қаласында өтті. 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Отар Нұрбек өз кездесулерін 65 килограммға дейін салмақта өткізді. Ол торда өткен 4 белдесуінің екеуін уақытынан бұрын жеңсе, екеуінде есеп саны айырмашылығы бойынша басым түсті. Жарыс нәтижесі бойынша ол ел чемпионы атағымен қоса, әлем біріншілігіне жолдамаға және жекпе-жектен спорт шебері атағына ие болды.

Бүгінгі күні, ефрейтор Отар Нұрбек «Батыс» өңірлік қолбасшылығының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің бірінде қызмет атқарып, Қарулы Күштердің үздік спортшыларының бірі болып танылды. Соңғы жеңістен басқа, ол еліміздің қоян-қолтық ұрысынан, әскери қоян-қолтық ұрысынан Қазақстан чемпионы, «Қазақ жауынгері» форматында өткен Қарулы Күштердің чемпионатының жүлдегері, сонымен қоса, MMA және Alem Fighters нұсқасы бойынша аралас жекпе-жек кездесулеріне қатысып жүр.

«Жекпе-жек» біздің еліміздің ұлттық спорт түрі санатына жатады және ол күрес, кикбоксинг, самбо, каратэ, тхеквандо, қазақша күрес елементтерінен құралған және аяқ-қолмен ұру, лақтыру, ұстау, ауырту әдістерін қолдануға рұқсат етілген белсенді спорт түрі. Ерте кездері, қазақ әскерлерінде осы спорт түрі ерекше кеңінен таралған екен.