• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2013

Қамкөңілдерді қолдау жалғасады

331 рет
көрсетілді

Қамкөңілдерді қолдау жалғасады

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:32

Қоғамдағы адамдардың бар­лығы бірдей емес. Олардың арасында еңбек етуге, өзін өзі қажетті жағдаймен қамтамасыз етуге жарамды азаматтармен қатар, кемтар, мүмкіндігі шек­теулі адамдар да бар. Өркениетті елдерде кемтар адамдардың, мүгедек жандардың өзін өзге­лерден кем тұтпай, пайдалы еңбекпен айналысуына жағ­дай туғызылады. Мұндай үлгі­лі үрдіс біздің елімізде де қалып­тасып келеді. Соңғы жылдары мүгедек жандар да өз күші жететін кәсіппен айналысуға ынталы бола түсуде. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге өз ісін ұйымдастырып, оны дамыту оңайға соқпайтындығы жасырын да емес. Осыны ескерген «Даму» қоры мүгедек кә­сіп­керлерге ақысыз және қайта­рым­сыз негізде көмек көрсетуге бағытталған «Даму-Көмек» бағ­дарламасын әзірлеген болатын.

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:32

Қоғамдағы адамдардың бар­лығы бірдей емес. Олардың арасында еңбек етуге, өзін өзі қажетті жағдаймен қамтамасыз етуге жарамды азаматтармен қатар, кемтар, мүмкіндігі шек­теулі адамдар да бар. Өркениетті елдерде кемтар адамдардың, мүгедек жандардың өзін өзге­лерден кем тұтпай, пайдалы еңбекпен айналысуына жағ­дай туғызылады. Мұндай үлгі­лі үрдіс біздің елімізде де қалып­тасып келеді. Соңғы жылдары мүгедек жандар да өз күші жететін кәсіппен айналысуға ынталы бола түсуде. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге өз ісін ұйымдастырып, оны дамыту оңайға соқпайтындығы жасырын да емес. Осыны ескерген «Даму» қоры мүгедек кә­сіп­керлерге ақысыз және қайта­рым­сыз негізде көмек көрсетуге бағытталған «Даму-Көмек» бағ­дарламасын әзірлеген болатын. Бұл бағдарлама іске асырыла бастаған уақыттан бері «Даму» қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалына жұмыс жасап тұрған және ісін жаңа бастаған 60 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер көмек алуға өтініш білдірген, оның ішінде, 26 адам өз ісін ашу және дамыту үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар түріндегі көмекке ие болған.

Мүмкіндігі шектеулі кә­сіп­­­­кер­лердің мәселелері тек тұрмыстық сипаттағы қиын­­дықтар және қозғалыс шектеу­лігімен байланысты ғана емес, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің не­сиелері бүгінгі таңда олар үшін қолжетімсіз болып отырғаны рас. «Даму-Кө­мек» бағдарламасы осындай кәсіпкерлерге олардың мәселелері мен оларға қажетті ре­сурс­тар туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру жолымен қолдау көрсетуге бағытталған. Бағ­дарлама шеңберінде мүгедек кәсіпкерлерге демеушілер қаражаты есебінен қаржылық-материалдық көмек көрсетіледі және оларға бизнесті тиімді жүргізу бойынша кеңес­тер бері­ліп, оқыту курстары ұйым­дас­тырылуда. Мұның өзі мүм­кін­дігі шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсудің негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыруға алғы­шарт жасауда.«Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша өткен жылғы соңғы демеушілік көмек Ақтөбе қа­ла­сының тұрғыны, 3-ші топтағы мүгедек Намазбай Шабақовқа көрсетілді. Оған аяқ киім жөндеу шеберханасына қажетті құрал-саймандар мен қажетті материалдар сыйға берілді. Намазбай Шабақовқа қолұшын созып, демеушілік көрсеткен Ақтөбе қаласының жеке кәсіпкерлері Ермекбай Мұстафинге және Қайрат Әбді­кәрімовке «Даму» қорының арнайы алғыс хаттары табыс етілді.Жалпы, осы уақытқа дейін «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша мүгедек кәсіпкерлерге Ақтөбе облысының 17 кәсіп­орын­дары мен кәсіпкерлері кө­мек көрсетті. Олардың арасында «Керамика» АҚ, «Ақтөбе металл құрастыру зауыты», «Каз­теплоэнергомонтаж», «Бур-Най», «Милысай», «Килико Тун», «Ақ­пан» , «Алекс-Компани», «Али Жас и К», «Бизнес Нави­гатор LTD», «Транс-Торг-РТИ» жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестіктері мен жеке кәсіп­керлер Ерлан Ниязов, Назгүл Қазиева, Жалғас Қашқымбаев, Қуаныш Түменов, Ермекбай Мұс­тафин, Қайрат Әбдікәрімов бар. Мүмкіндігі шектеулі жан­дар­дың мәселелеріне бей-жай қарамай, оларға демеушілік көмек көрсеткен қолы ашық, қайырымды жандардың бұл өнегесі өзге­лер­ге үлгі боларлық іс екені сөзсіз.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.