Жедел іздестіру тобы құрылып, оны аудан прокуроры Ринат Кәрімов басқарып, іске кіріседі. Жедел топ құрамындағы жергілікті полиция бастығы Серік Рақышев пен учаскелік полиция инспекторы Батыр Ысқақов қылмыскердің Заречный поселкесіне қарай кеткеніні туралы апарат алады. Ақпаратты дереу сондағы «Заречный» шаруа қожалығының күзетшісі Евгений Радюкке хабарлайды, ол бұл кезде алқапта жүрген болатын. Радюк алқапта жүрісі суыт бір адамның кетіп бара жатқанын жергілікті учаскелік полицияға айтады, олар дереу ізіне түседі.
«Маған жедел топты күту туралы ескертті, күдікті қарсылық көрсетуі, зақымдауы мүмкіндігі айтылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні менің көзімше ұстады, бірақ кез келген жағдайда мен көмекке дайын болатынмын. Полиция өте кәсіби жұмыс істеді» дейді Евгений.
Күдікті Аслан Мұқанов соңғы бір жарым жылда Колумбияда жаттыққан. Және өзінің барлық жекпе-жегін Колумбияда өткізген. Туған жерде оны осындай қылмысқа барады деп ешкім ойламаған.
Қостанай