Келіссөздер барысында екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша барынша пікір алмасып, перспективалы бағыттар айқындалды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен жоспарлар белгіленді. Өнеркәсіптік кооперация мен инвестициялық ынтымақтастықты, су-энергетика саласын дамыту, шекара маңы ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ цифрландыру және ғарыш салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 13%-ға өсіп, $850 млн-ға жуық болды. Қазіргі кезде Қазақстан және Қырғызстан Үкіметтері 2020 жылға қарай өзара сауда көлемін $1 млрд-қа дейін арттыру үшін жұмыстар жүргізуде.Өз кезегінде, ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин екіжақты және өңірлік сауда салаларындағы едәуір әлеуетті атап өтіп, іскерлік ахуалды жақсарту және шағын және орта бизнесті қолдау арқылы орталық-азиялық аймаққа инвестициялар тарту бойынша елдердің бірлескен күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын жеткізді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қырғызстанға ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды: