Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Тwitter-дегі парақшасында қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовті Будапештте дзюдодан өткен Гран-При турнирінен алтын медаль еншілегенімен құттықтады.
"Танымал спортшымыз Елдос Сметовті дзюдодан өткен әлемдік турнирдегі айқын жеңісімен құттықтаймын! Биік шыңдарға жете бер! Өзің секілді спортшылардың жетістіктері жас ұрпақ үшін үлгі" деп жазды Президент.