Бөдененің еті мен жұмыртқасы ауруға ем, шипалы. Оның үстіне дәмді, жеңіл қорытылады дейді. Бұл құсқа ерекше күтім мен бап қажет. Бөдененің саңғырық қиы болса – тыңайтқыш. Мәселе – істің көзін табуда.
Осындағы аграрлы-техникалық колледжінде 2 мыңдай құрт өсірілуде. Құрттар С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті жанындағы ғылыми-зерттеу орталығынан әкелінген. Бұлар негізінде тез көбейеді.
Станса мамандарының айтуынша, біздің халқымыз әуелден малдың, құстың қиын көң ретінде пайдаланғаны белгілі. Ал, бөдененің саңғырығы табиғи түрде жауын құрттарының көмегімен өңделеді. Бұл ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінен кейін қолға алынған жобалардың бірі.Қазір шетелдерде құрт өсіру жаппай қолға алынған. Өйткені құрттар жылына 20 тоннадай қалдықтарды қорек етеді екен. Биогумустар арнайы қапшыққа салынып, сатылуда.
Тіпті, Болатжан Мұстафаев бастаған жергілікті ғалымдар тұрмыстық қалдықтарды да жауын құрты арқылы қайта өңдеп, экологиялық таза органикалық тыңайтқыштар-биогумус шығаруда.
Жоба станса жанындағы гелиобиологиялық кешенде баламалы энергия алу үшін дайындалды. Яғни,технологиялық үдеріске түскен құс саңғырығынан биологиялық тыңайтқыш алынады.
Бөдене фермасынан айына ондаған тонна қи шығады. Жауын құрттарымен өңделген қиды ғалымдар биоотын өндірісінде пайдаланады.
– Құс саңғырығынан алынған биогумус өсімдіктер үшін пайдалы.Ол минералды заттарға толы. Көкөніс өсіретін, жылыжай шаруашылықтары үшін дайын тыңайтқыш, – дейді станса ғалымдары.
Өңірдегі тәжірибелік стансада вируссыз картоптар да өсіріледі. Картоптың «Инноватор» атты сұрпынан қытырлақ картоп, фри жасайды. Қазір мұнда бидайдың да жаңа сұрпы өсірілуде.
Павлодар облысы