• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2013

Қаржы көлемі қомақты

308 рет
көрсетілді

Қаржы көлемі қомақты

Сенбі, 30 наурыз 2013 1:59

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл ша­­руашылығы тауар өндірушілердің 1 млн. гектардан астам жерге  көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін берген өтініштерін мақұлдады

«Аграрлық несие корпорация­сы» АҚ республикалық бюджет қаржысы аясында агроөнеркәсіп  кешені нысандарын қолдау мақ­сатында  көктемгі егін егу жұ­­мыстарын жүргізуге ниет біл­­дір­­ген  ауыл шаруашылығы тауар өн­­дірушілерінің жалпы сомасы             26 млрд. теңге болатын өтініштерін мақұлдады, бұл қаржы биылғы көктемде 1 млн. гектардан астам алқапқа егін егуге мүмкіндік береді.

Соның ішінде көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу мақса­тында бүгінгі күні Ақмола, Қос­­­танай және Солтүстік Қа­зақ­­­стан облыстарының ауыл ша­руашылығы тауар өнді­рушілерін жалпы сомасы 15 млрд. 500 млн. тең­­геден аса қаражатқа  қар­жы­лан­дырылды.

Бұл қаржы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің уақтылы қажетті шараларды өткізуге мүмкіндік береді, атап айтқанда: жанар-жағармайды сатып алу; ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге арналған материалдар мен қосымша құрылғылар; минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары; ауылшаруашылық өнімін сақтандыру кезінде сақтандыру жарнасын төлеу.

2013 жылы агроөнеркәсіп субъектілерін несиелеу бағдар­ла­масы бойынша көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын несиелеу үшін корпорация  республика­лық бюджет қаржысы есебінен 40 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын несиелеу шеңберінде республикалық бюджеттен қарыз­ға алынған қаражат есебінен өткен жылы корпорация егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін 1 млн. 500 мың гектардан астам ал­қапқа жалпы сомасы  28 млрд. тең­геден аса қаражат бөлді.

«Аграрлық несие корпорация­сы» АҚ 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аг­рар­лық саланы Қазақстан Рес­публикасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустрияландыру және әр­тараптандыру. Компания «ҚазАгро» ұлттық басқарушы хол­дингінің құрамына кіреді.

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».