• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Шілде, 2019

Алғашқы айналымнан сәтті өтті

175 рет
көрсетілді

Бұл күндері АҚШ-тың Ньюпорт қаласында өтіп жатқан теннистен ATP санатындағы турнирді қазақстандық теннисші Александр Бублик сәтті бастады.

Рейтингте 83-орында тұрған отандасымыз А.Бублик алғашқы айна­лымда әлемнің 150-ракеткасы, аустралиялық Алекс Болтпен шеберлік байқасты. АҚШ-тағы турнирдің 7-ракеткасы болып тіркелген қазақ­стандық теннисші үш сетке созылған бәсе­кеде 6:4, 2:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Тартысты матч екі сағатқа созылды.

Көгал төсенішінде өтіп жатқан доданың екінші айналымында А.Бублик рейтингте 167-орында тұрған сербиялық Виктор Троицкимен кездеседі. Ньюпорт турнирі 21 шілдеде аяқталады.