• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2019

Алматыда полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру орталықтары біріктіріледі

254 рет
көрсетілді

Қоғамдық кеңестің отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов бірыңғай 112 диспетчерлік қызметтің жобасы туралы айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жобаны іске қосу 2019 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. 

«Жыл соңына дейін жаңа жобаны қосуды жоспарлап отырмыз. 101, 102, 103 қоңыраулары бірыңғай 112 қызмет түріне біріктірілетін болады. Бұл халықаралық тәжірибе. Сондай-ақ шақыру және қызмет көрсету уақыты екі есеге қысқарады», дейді Ерлан Әукенов. 

102 қызметіне қоңырау көп түсетін болғандықтан, жұмысқа қосымша операторлар алынған. 

«Талдау жасадық. Қоңырауларға қатысты шағымдар мен ескертулер көп болды. Қызмет көрсету сапасымен, телефонмен сөйлесу жайында мәселелер туындады. Біз 10 орынды 14-ке көбейттік. Сондай-ақ операторлардың еңбекақысын 35 мыңнан 90 мың теңгеге дейін көтердік. Қосымша тағы 4 оператор жұмысқа алынды», деді ол. 

Оның айтуынша жарты жылда 102 қызметіне 377 мың адам қоңырау шалған. Олардың бәрі тексеріліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін телефонды көтермеу немесе тастай салу туралы шағымдар түскен жоқ. Бұдан басқа, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, биылғы жылдың күзінде Алматы қаласының барлық аудандық полиция бөлімдерінде 12 заманауи фронт-кеңселер ашылатынын айтты. Алғашқы фронт-кеңсе қантар айында Түрксіб ауданында ашылған. Фронт-кеңселер полиция бөлімшесіне келген адамдарға ыңғайлы. Олар өздеріне тиесілі қызметті заманауи жабдықталған, үлкен кеңседе алып жатыр. 

«Біз «бір терезе» қағидаты бойынша қолайлы жағдай жасай алатын үлкен, әдемі фронталды кеңсе аштық. Өте қолайлы, күту уақыты 1 сағат 20 минутқа дейін кеміді, мекемеде сыбайлас жемқорлық азайып, жарты жылда 15 мың адам жаңа кеңседен қызметтерін алды», дейді қала әкімінің орынбасары.