Бизнес бастағысы келетін әйелдерге барынша қолдау көрсету мақсатында, «Іскер ана» бағдарламасын бір ай ішінде іске қосу бойынша Ерлан Әукеновке тапсырма берген қала әкімі қаладағы көп балалы және көмекке мұқтаж отбасыларын қолдау мақсатында құрылған «Бақытты отбасы» орталығының жұмысымен танысты. Аналарды балаларға арналған үйірме мәселесі, жолдың алыстығына қатысты мәселелер мазалаған.
Орталықтың мәліметтері бойынша, мұнда 3 мыңнан астам әйел әртүрлі мәселе бойынша жүгінген. Ал көп балалы 15 ана осы жерден қысқамерзімді курс оқып, жұмысқа орналасқан. Аналардың ұсынысын тыңдаған шаһар басшысы әр мәселе бойынша тиісті тапсырма берді. Қазір Алматыда 470 көпбалалы ана қысқа мерзімді курстарда оқытылуда. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, тегін оқып, жұмысқа орналасқан жеткіліксіз. Кәсіп ашып өз ісін ашқысы келетін аналарды барынша қолдау қажет.