• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2019

Жұмыс істеу тәсілдерін өзгерткен жөн

287 рет
көрсетілді

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент еліміздің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуының ағымдағы жарты­жылдықтағы қорытындыларына тоқталып, атқарылатын маңызды мәселелерді көтерді. Іскер, диплома-тиялық жағдайда өткен отырыста бес министрдің есебі тыңдалды, сонымен қатар төтенше жағдайлар орын алған Арыс, Теңіз сияқты аймақтарға байланысты әкімдердің есебі тыңдалды.

Президент бірінші кезекте жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге Үкіметтің көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Яғни, тұрақты жұмыс орындарының құрылуы – елдегі тұрақтылықтың кепілі. Президент сонымен қатар өкілетті органдарға бюджеттің әлеуметтік басымдықтарына қатысты нақты тапсырма берді. Бюджеттің имидждік жобаларға емес, нәтижелі істерге бағытталуы қажетттігіне мән беруді, сондай-ақ Есеп комитеті мен Үкіметке бюджет қорларын тиімді пайдалануға байланысты жауапкершілікті арттыру жағын тапсырды. Квазисектор қызметіндегі әлеуметтік-экономикалық аспектілерді бақылау бойынша жұмыстар өз алдына. «ҚазАгро»-ның осы жартыжылдықтағы шығынын ескеретін болсақ, осындай сорақылықтардың салдарынан елдегі әлеу­меттік саясаттың тиімді жүзеге асуы мүм­кін болмай отыр. Президенттің мемле­кеттік қызметкерлердің жауапкершілігіне қа­тысты мәселені көтеруі олардың жұмы­сына бақылаудың күшейгенін көрсетеді. Мы­салы, Арысқа қатысты нақты қандай жұмыс­тардың атқарылғанына қатысты сарап­тама жасалып, 10 тамызға дейін дайын бо­луы тиіс. Әрі төтенше жағдайларға бай­ланысты жауаптылар жазаланатын болады.

Президент қатысқан Үкімет отырысынан кейін барлық тиісті органдар басшылары жұмыс істеу тәсілдерін өзгертіп, істеріне жауапкершілікті сезінетін жағдай қалыптасуы тиіс.

Юрий БУЛУКТАЕВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері