Мемлекеттің аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға жасап отырған қолдауы елімізде мыңдаған отбасылардың әлеуметтік ахуалына дем бергені рас.
Менің отбасымның асыраушысы болмағандықтан, кәмелеттік жасқа толмаған төрт баламен қиналған кездерім болмай қалған жоқ. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қарастырылған атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткіздім, Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылдым. Мұның бәрі менің отбасымның, бала-шағамның қаржылық, тұрмыстық деңгейіне оң әсер етті. Тек мен ғана емес, ауылымызда мемлекеттік «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша төрт отбасы заңға сай кезегімен тұрғын үйге қол жеткізсе, жеті отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Мұның барлығы мемлекетіміздің халықтың жағдайын назардан тыс қалдырмағанының жемісі.
Қ.Тоқаевтың жаңа жұмыс орындарын ашу, мүгедектерге қолдау көрсету, тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру мен денсаулық сақтау саласын нығайту бағытындағы тапсырмалары халық игілігіне қызмет етеді деп күтеміз.
Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін ел арасында орын алған әдейі ажырасу, мүлкін өзгенің атына аудару сынды қитұрқы әрекеттердің орын алуы ұят жағдай. Мемлекеттің қолдауын қабыл алып, жақсы бастамаларға халық өз тарапынан да қолдау көрсетсе деймін.
Балкенже ИБАНАЕВА,
Ұштаған ауылының тұрғыны
Маңғыстау облысы