2019 жылғы 19 шілдеде сағат 13.00-де Ақмола облысының Бурабай ауданында Щучинск қаласынан 15 шақырым жерде «ҚР ПІБ Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ аумағында 852 метр биіктікте Жеке Батыр тауының шыңында құрғақ шөп пен орман өртенді. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт орнында және облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылды.
«Өрт 15:55-те ауыздықталды, өрт алаңы 0,33 га. Көкшетау қаласынан ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-26 тікұшағы су ағызу құрылғысымен ұшып шықты, ол арқылы 5 су төгіндісі (шамамен 50 тонна) жүргізілді. Өртті жоюға ТЖД (75 қызметкер мен 6 бірлік техника), «ҚР ПІБ МППБ» ММ (40 қызметкер, 2 бірлік техника, 1 Ми-2 тікұшағы ұшу үшін), жергілікті атқарушы органдар (11 қызметкер мен 3 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды», делінген хабарламада.