Премьер-Министрдің өкімімен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Премьер-Министрдің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2002–2005 жылдары Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек еткен.
2005 жылдан бастап Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, Премьер-Министр Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2012–2013 жылдары — Премьер-Министр Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Премьер-Министр Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.