• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Шілде, 2019

Асқар Мамин SoftBank Investment Advisers төрағасы Раджив Мисрамен кездесті

275 рет
көрсетілді

Премьер-Министрі Асқар Мамин SoftBank Investment Advisers төрағасы Раджив Мисрамен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кездесу барысында шетелдік инвестициялар мен заманауи инновациялық технологияларды тарту мәселелері талқыланды. Инвестициялық холдинг ел экономикасына инвестиция салудың артықшылықтарымен танысып, бірлескен жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

SoftBank Investment Advisers венчурлік қаржыландыруға мамандандырылған және әлемдегі ең ірі инвестициялық қорлардың бірі, нарықтық капитализациясы $100 млрд құрайтын SoftBank Group бөлігі. Қор Alibaba, Yahoo, Uber секілді жаһандық технологиялық көшбасшылардың акцияларының иесі.

SoftBank 2000 жылғы Forbes Global тізіміне кіреді және әлемде капиталдандыру бойынша 36-орында, Жапонияда Toyota-дан кейін капиталдандыру бойынша 2-орында (2019 жылғы 1 тоқсан).