• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2019

Жезқазғандағы шахтада жас кенші қаза тапты

375 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының шахтасында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде 28 жастағы кенші көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Жазатайым оқиға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасында болды. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өндіру учаскесі бұрғылаушысының 1991 жылы туған көмекшісі ауыр жарақат алды. Оқиға салдарынан жас кенші көз жұмды. 

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.  

«Қазақмыс компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан адамның туған-туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.