Алматы қалалық экономикалық тергеу департаменті жүргізген рейд кезінде, Райымбек пен Тілендиев көшелерінің қиылысындағы ғимараттан ойын автоматтары табылды. Жедел іздестіру барысында Департамент мамандары 15 компьютер, бір ойын автоматы және 30 мыңға жуық ақша тәркілеген.
«Бұл – қылмыстық істің аясында жүргізілетін іс шара. Қылмыстық іс аяқталғаннан кейін сотқа жолданады. Терминалдардың тағдырын сот органдары шешеді. Мүліктер мемлекеттің меншігіне беруі мүмкін. Немесе жоюы да ғажап емес. Егер аталған шаралар жүргізілсе, сот орындаушыларымен бірге іске асырамыз», деді Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.
Экономикалық тергеу департаменті соңғы екі айда 600-ге жуық ойын автоматтарын тәркілеген. Жыл басынан бері 22 қылмыстық іс қозғалған.