Алматы көшелері сән-салтанатымен құлпырып, өзінің ғажап келбетімен ынтықтыра түседі. Таңертеңгі мезгіл жұмысқа асыққан жүргіншілер қатарына ілескен сіз де тізбек құрап, алға ентелей бересіз. Алдыңыздағы тақтатастың бойындағы үлкен бұтақтың жиегіне көзіміз түскенін қараңыз.Таңданасыз, таңырқаған күйі мөлдіреп, жанарды арбай түскені, шіркін. Жасыл жапырақтар арасынан жылт етіп көзге түскен уыз мойылдар әдемі әспетімен, ерекше керім көрінісімен таңырқатқан сәт еріксіз суретке сұранып тұр. Жылт еткен фотоаппаратты бағамдаған күзетші сізге жақындай бере еріксіз ескертіп өтеді. Биік ғимаратты фотоға алуға болмайтынын ескертіп үлгерген ол мойылды көріп, біздің шалт қимылымызға кешірім де сұрап үлгерді. Жол жиегіндегі жасыл жапырақтар арасынан көз жауын алған мойылдарға таңырқай қарады. Мөлдіреген мойылдың енді қызара бастаған сабақтары уыздай қылтияды.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, «Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ