26-28 шілде күндері Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді. Бұл додада Қазақстан ұлттық құрамасынан 11 дзюдошы ел намысын қорғайды.
Загреб татамиінде ерлер арасында Дәурен Сүйеукенов (60 кило), Ғұмар Қырғызбаев (66 кило), Жансай Смағұлов, Ақылбек Серік (73 кило), Руслан Мусаев (81 кило), Айбек Серікбаев (100 кило) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кило) белдеседі.
Ал қыздар арасында Отгонцэцэг Галбадрах (48 кило), Севара Нышанбаева (57 кило), Назгүл Құбашева (63 кило) және Зарина Райфова (78 кило) сынға түседі.