• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Шілде, 2019

Тегін дәрі-дәрмек жеткізілді

401 рет
көрсетілді

Биылғы алғашқы жартыжылдықта жалпы сомасы 58,5 млрд теңгеге алынған тегін дәрі-дәрмек еліміздің медициналық ұйымдарына жөнелтілді. Бұл жалпы жылдық өтінімнің 65%-ын құрайды. Оның ішінде, Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінің деректері бойынша, 41 млрд теңгеден астам сомаға алынған препараттар пациенттерге берілді.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, медициналық ұйымдардан түскен қате өтінімдерге байла­ныс­­ты жеткізуде іркілісті болдырмау мақсатында биыл Бірың­ғай дистрибьютор ТМККК аясын­да қызмет көрсететін меди­ци­­на­лық ұйымдармен жария офертаны жасады. 

«Оферта аясында түпкілікті өті­нім­­дерді медициналық ұйым­дар қа­лып­­тастырады. Бірақ жөнел­ту бір рет мә­лімделген көлем­­нің негізінде емес, нақ­ты қажет­тілік пен тұтыну жылдам­ды­ғы негізінде жүзеге асыры­ла­ды», деп түсіндірді «СҚ-Фар­ма­ция» басшысы. 

Қазіргі таңда Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерге қо­сым­ша қажеттілікке арналған өті­німдерді тұ­рақты негізде қа­был­­­дап, өңдейді. Осы өті­нім­дер­дің негізінде жөнелтуге рұқ­сат қағаздарды ресімдейді және соған сәйкес дәрі-дәрмектерді өңірлерге таратады.

Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмек сатып алу жөнін­де­гі мә­ліметіне қарағанда, бірінші жарты­жылдықта амбула­то­рия­лық пациент­тер­­ді тегін қамта­масыз ету үшін ең көп меди­ци­налық препараттар Ал­маты қаласының емханаларына келіп түсті. Алматыға шамамен 7,8 млрд теңге сомаға дәрі-дәрмек тиелген, ал пациенттер қазірдің өзінде 5,3 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алған. Жыл соңына дейін мегаполис­ке медициналық ұйымдардың өті­нім­дері бойынша 12,3 млрд теңгенің медициналық өнімі түседі. 

Көлемі бойынша екінші тегін дәрі-дәрмек алған Шығыс Қазақстан облысында 9,8 млрд теңгеге тапсырыс берілген. Яғни жылдық көлемнен 5,7 млрд теңгеге дәрілік заттар алынды. Осы өңірдегі емделушілер қазіргі таңда 5,3 млрд теңгеге тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алды.

Елордалық медициналық ұйым­дар­ға бірінші жарты­жыл­дық­та 6,2 млрд теңгелік жалпы жылдық өтінім­нен 5,6 млрд теңгеге тегін дәрі-дәр­мек келіп түсті. Оның ішінде 1 шілде­ге дейін Нұр-Сұлтан қаласының амбу­ла­торлық емделушілеріне 3,2 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмек берілді.

5 млрд теңгеге дәрі-дәр­мек­тер Қарағанды облысына, 4,4 млрд теңгеге Түркістан облысына және 4,1 млрд теңгеге Алматы облысына жөнелтілді. Қос­танай облысы диспансерлік есепте тұрған амбулаторлық емде­лушілер үшін 2,9 млрд, Жамбыл – 2,8 млрд, Атырау – 2,7 млрд және Қызылорда – 2,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмек алды. Батыс Қазақстан облысы және Шымкент қаласына дәрі-дәрмектер 2,5 млрд, Солтүстік Қазақстан облысына – 2,4 млрд, Ақмола облысына – 2,3 млрд, Ақтөбе облысына – 2,1 млрд, Павлодар облысына – 1,8 млрд және Маңғыстау облысына 1,3 млрд теңгеге түсті. 

Естеріңізге сала кетейік, пациент­­тердің тегін дәрі-дәрмек алуын бақылау үшін Денсаулық сақтау министрлігі, Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры, Рес­публикалық электронды ден­сау­лық сақтау орталығы және «СҚ-Фармация» тұрақты негізде тегін дәрі-дәрмек алатын пациенттерге рецептінің нөмірі мен дәрі-дәрмек беру күні туралы ақпараты бар SMS-хабарламалар таратады. Бұдан басқа, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде іркі­ліс болған жағдайда емделу­ші­лер «СҚ-Фармация» байланыс орта­лы­ғы­на тегін 1439 қысқа нөмірі бойынша хабарласа алады.

«Егемен-ақпарат»