Осы уақыт аралығында компания жаңа смартфонның дизайны мен техникалық мүмкіндіктерін жақсартуға қатысты жұмыс жүргізгенін және алғашқы таныстырылымда орын алған олқылықтарды түзетуге тырысқанын хабарлады. Телефонның экраны мен қорғаныс қабаты қайта тексеріліп, жиналатын бөлігіндегі технологиялар күшейтілген. Жаңа құрылғы мобильді телефондар нарығында жаңалық жасауға ниетті.
Samsung-тің алғашқы жиналмалы смартфонының бағасы әлі белгісіз. Алайда сарапшылар жаңа құрылғы 2 мың доллар шамасында болады деп болжауда.
Samsung жиналмалы телефонын бәсекелесі қытайлық Huawei-ден бұрын таныстыруға асығады. Себебі Huawei де осы айда дәл осындай оңай планшетке айналатын жаңа жиналмалы телефон үлгісін сатылымға шығаратынын хабарлаған.
Сондай-ақ қыркүйек айы смартфондар нарығы үшін жаңалыққа толы болмақ. Сала алыптарының бірі Apple өзінің үш жаңа iPhone 11 смартфондар үлгісін таныстырады деп күтілуде.