• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Шілде, 2019

Жанкент қалашығында зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр

898 рет
көрсетілді

Қазалы ауданы аумағындағы Жанкент қалашығын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Аталған қалашық VІІ-ХІV ғасырларда Жанкент, Янгикент деп аталған. Түрікмен тарихшысы Әбілғазы Баһадүрдің айтуынша, оғыз еліне жүздеген жылдар бойы астана болып келген. Жанкент шаһары Сыр өзенінің сол жақ бетінде орналасқан.

Далалық экспедиция жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары қолға алып отыр. Оған университеттің археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, PhD доктор Әзілхан Тәжекеев жетекшілік етеді.

«Биылғы қазба жұмысында қалашықтың шахристан бөлігінде орналасқан тұрғын үй кешеніне зерттеу жүргізілді. Ескерткіш цитаделінің солтүстік қабырғасынан аршылған мұнаралар мен оған жалғасып жатқан қабырғаларға назар аударылды. Сондай-ақ қалашықтың шығыс қабырғасының ортаңғы бөлігіне қазба салынып, толық аршылды», деді Әзілхан Тәжекеев.

Бүгінде қалашықтың ғалымдар зерттеген бөлігі толықтай консервацияланды.