• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2019

Алматы балдырғандары «Samal» кәсіпорнына келді

391 рет
көрсетілді

Оңтүстік астанадағы №184 жалпы білім беретін мектептің «Балдырған» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріндегі демалысты тиімді , әрі қызықты өткізу жоспарланған. Осы мақсатта Алматы қаласындағы «Samal» таза ауыз су өндіру кәсіпорынына балалар тәрбиешілерімен бірге экускурсияға келіп, кәсіпорын жұмысымен танысты.

Таза судың ерекшелігі, адам өміріне пайдасына қатысты әңгімелеген мамандар балдырғандарды кәсіпорын жұмысымен таныстырды.

Кәсіпорын басшылығы мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын, көлікпен жеткізу шараларын ұйымдастырды. Экскурсия барысында балалар кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерімен танысып , табиғи таза ауыз суды өндіру жолдарын көріп, өз қызығушылықтарын білдіре сұрақтар қойды. Қызықты экскурсиядан әсер алған балалар өздерін кәсіпорынның маманы ретінде сезінгендей көңіл-күйде болды. Мұғалімдері мен кәсіпорын ұжымына алғыстарын айтқан балалар үйлеріне көтеріңкі көңілмен оралды.  «Samal»  таза ауыз су өндіру кәсіпорны оқушыларымызға өз тараптарынан сыйлық үлестірді. Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріндегі демалыста ұйымдастырылған экскурсия оқушыларымызға өздеріне танымдық ой өрісін дамыту мақсатында ұйымдастырылған.