• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2019

«Ұлы даланың Түркістаны» республикалық фотоэкспедициясынан фоторепортаж

1034 рет
көрсетілді

Биыл Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толды. 2018 жылдың маусым айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған облыс бір жылдың ішінде адам танымастай өзгеріп сала берді. Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі Орынбай Балмұрат Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың Түркістаны» атты фотоэкспедицияға қатысып, тарихы бай, табиғаты әсем облыстың көз тартар керемет көріністерін фотокамерасының нысанына іліп қайтқан еді.

 

Аймақтың сарғайып атқан таңымен, қызарып батқан күніне дейін көз тартар сұлулық бейнеленген. Қазақилықтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірдегі ауыл өмірімен сурет арқылы саяхаттап қайтыңыз.