Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан «Король кубогы» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының боксшылары екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
52 кило салмақта жұдырықтасқан жерлесіміз Евгений Павлов финалда қытайлық қарсыласына жол беріп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді. 60 килода ел намысын қорғаған Әділет Құрметов жартылай финалда Моңғолия өкілінен ұтылып, қола жүлдегер атанды.