Семейлік он алты жасар шахматшы Арыстан Исанжулов бүкілресейлік жылдам шахмат жарысында жеңіске жетті.
Арыстан 122 шахматшының арасында үздік атанған. Қарсыластар қатарында тәжірибелі гроссмейстерлер де бар.
Ол – «РАПИД Гран-при России - 2019» жарысына Қазақстан атынан барған жалғыз шахматшы және турнирдің ең жас қатысушысы.
Жарыстың күміс және қола жүлдегерлері Пенза қаласынан Дмитрий Кокарев пен Курган қаласынан келген Андрей Дрыгалов атанды.